Өлең, жыр, ақындар

Матасу

Тақырыбы: Матасу
Пәні: қазақ тілі
Сыныбы: 7
Қайырова Жанар Өтеуішқызы

№17 жалпы орта білім беретін мектептің

қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі.

Мақсаты:

а) Сөздердің байланысу түрлерінің ерекше бір түр і- матасу туралы кеңінен түсінік беру,  тапсырмалар беру арқылы білімін тексеру.

ә) Оқушылардың алған білімдерін дамыту, сөздік қорларын молайту, ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру.

б) Оқушыларды адалдыққа, адамгершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: Кубизм әдісі , топтастыру әдісі , тест сұрақтары , шығармашылық жұмыс ,венн диаграмма

Көрнекілігі: Тірек-сызба ,сөзжұмбақ,интерактивті тақта .

Сабақтың жүру барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі .

а) амандасу

ә) түгендеу

б) зейінін сабаққа бөлу .

 

ІІ Үй тапсырмасын тексеру .

Өткен сабақты қайталау.

а) Кубизм әдісі

б) Сөзжұмбақ шешу

Сөзжұмбақ шешу

1.Сөз  құрамын, сөз   таптарын  зерттейтін  сала.

2.Сөздердің   байланысу  тәсілдерінің  түрі.

3.Қимылдың  іс-әрекетін   білдіретін  сөз  табы.

4.Көнерген  сөздердің    орнына   қолданылатын  сөздер.

5.Сөздердің    байланысу  түрлерінің    бір  түрі.

6. Тұйық   етістіктің    жұрнағы.

ІІІ Жаңа сабақ

Өлең- сөздің патшасы, сөз сарасы,

Қиыннан қиыстырар ер данасы.

Тілге жеңіл ,жүрекке жылы тиіп,

Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.

Сөздердің байланысу түрлері:

Қиысу, матасу, қабысу, жанасу, меңгеру матасу 

Ілік септікті сөз бен тәуелдік жалғаулы сөз .

Мысалы: әкемің баласы, Кеңес одағының батыры,мемлекет мүлкі .

ІҮ. Оқулықпен жұмыс

248-жаттығу ( ауызша )

249-жаттығу ( жазбаша )

Ү Ойлан,тап,ізден !

І топ

Зат есім+зат есім

Сын есім+зат есім

Сан есім+зат есім

ІІ топ

Есімдік+зат есім

Зат есім+етістік

Үстеу+етістік

ІІІ топ

Зат есім+етістік

Сын есім+етістік

Сан есім+етістік

ҮІ Тұрақты тіркестерді табу

1.Құлақ етін жеу.

2. Қабағын қарыс жабу.

3. Бірауызды болу.

4. Ит өлген жер.

5. Қолын қақпау.

6. Ат –тонын ала қашу.

ҮІІ Ой-толғау

(шығармашылықпен жұмыс)

Тақтада берілген суретке

қарай отырып,матасуды

қатыстырып ,Әңгіме жазу .

ҮІІІ Сандар сыр шертеді

21,25,14,38,23,7,38,19        10,28,11,38

 

14,8,24,25,8,18,38,19          3,38,11,38

 

21,23,18,8,5,38,18              24,8,18,7,8,13  

 

 24,1,16,1         1,16,17,1,24.

Өткірдің жүзі,

Кестенің бізі

Өрнегін сендей сала алмас.

 (Абай.”Сегіз аяқ”)

ІХ Сабақты қорыту

1.Сауалнама жұмысы

2.Венн диаграмма

Сауалнама жұмысы

1.Етістікті тіркесті тап:

A) Малды өлке .                  C) Көптен тосқан.

B) Аялы алақан .                D) Туған жер.

2. Тұрақты сөз тіркесін тап:

A) Дархан дала.                 C) Ит өлген жер

B) Ғұмырнама .                 D) Кедей-кепшік.

3. Тәуелдік жалғаулы сөзді көрсет.

Айнашпен сөйлесті.    C) Аяқ-табақ.

 Жақсы-жаман.             D) Үйдің іші.

4. Қандай байланыс түрі : Мен естідім.

A) Матасу .                          C) Қиысу.

B) Тұрақты сөз тіркесі.     D) Күрделі сөз.

5. Матасуды тап:

A) Сынға түсті                  C) Аман келді

B) Біздің өлке                      D) Кең дала

Жауаптары:

1-С Көптен тосқан

2-С Ит өлген жер

3-Д Үйдің іші

4-С Қиысу

5-В Біздің өлке

венн диаграмма: қиысу мен матасу

Х Үйге тапсырма беру

Көркем әдеби шығармалардан матаса байланысқан сөз тіркесі бар сөйлем тауып, жазып келу.

ХІ Бағалау 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз