Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы
№14 жалпы білім беретін орта мектеп
математика пәні мұғалімі
Ташбаева Нурсулув
Сабақтың тақырыбы: Натурал және бүтін көрсеткішті дәреже.
Сабақтың мақсаты:
Білімдік: Оқушылардың «Натурал және бүтін көрсеткішті дәреже» тақырыбы бойынша есептер шығаруда формулаларды дұрыс қолдана білуге дағдыландыру, білім- біліктерін тексеру, бағалау.
Дамытушылық: Қарастырып отырған есептерге талдау жасай білу, қорытындылар жасауға, оқу қызметін өздігінен бақылау жасау машығын дамытуға жағдай жасау, сабаққа белсенділігін, қызығушылығын арттыру;
Тәрбиелік: сабақ барысында оқушылардың белсенділігін, ынтасы мен жауапкершілігін арттыру, ұжымдылыққа баулу.
Сабақтың түрі: практикалық
Сабақтың өткізу әдістері: топпен жұмыс
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі - 2 минут
Оқушылардың сабаққа даярлықтарын анықтау, сабақтың мақсатымен таныстыру.
Сыныбымыз 4 топқа бөлінген. Енді осы топтарға топ басшыларын сайлап алайық. Бүгінгі сабағымыздың тапсырмаларында әрбір есепке ұпай берілген, сол ұпайларға байланысты топ басшылары өздерінің құрамындағы оқушыларды өздері бағалайды. Ал енді сабағымыз пайдалы болып, жақсы нәтижелерге жетейік.
ІІ Өткенді еске түсерейік - 5 минут
Интербелсенді тақтада «Натурал және бүтін көрсеткішті формулалары» тақырып бойынша формулалары жазылған. Формулалардың оң жағы мен сол жағын интерактивті тақтаның көмегімен сәйкестендіру.
Үйге берген тапсырманы тексеру - 5 минут
№76, 78. Топ басшылары топ мүшелерінің үй тапсырмасын тексеріп, «Бағалау парағына» ұпайларды белгілейді (әр есепке 1 ұпай). Жауаптарын интербелсенді тақтамен салыстырады.
ІІІ Таратпа материалдар бойынша жұмыс - 10 минут
Әр топқа тапсырмалар жазылған парақ таратылады. Топта қанша оқушы бар сонша тапсырма. Тапсырмалар деңгейі қарапайымнан орташаға дейін.
Әрбір 1 минут сайын мұғалім «ауысамыз» деп айтып отырады. Оқушылар атын және жауабын жазып, парағын келесі оқушыға береді. Дұрыс жауаптары слайдта көрсетіледі. Топ басшылары қате жауаптарды сызып тастайды. Әр есепке 1 ұпай беріледі, бағалау парағына ұпайларды белгілейді.
IV Деңгейлік тапсырмалар - 15 минут
Әр топқа таратпа материалдар беріледі. Әр карточкада деңгейлік тапсырмалар жазылған. Топта қанша оқушы бар сонша карточка, әр оқушы тапсырманы жеке орындайды. Топ басшы әр оқушының орындаған тапсырмалар бойынша ұпай беріп бағалау парағына белгілейді. Жауаптарын интербелсенді тақтамен салыстырады.
V Үй тапсырмасын беру: №80, 83, тест №16 191 бет
VI Рефлексия (керек сөздің астын сыз)- 3 минут
1. Осы сабақ барысында мен көмектестім, маған көмектесті.
2. Натурал және бүтін көрсеткішті дәрежеге арналған есептер оңай, қиын, қызықты болды.
3. Бүгінгі сабақ пайдалы, пайдасыз, қызықты, қызықсыз өтті?
VII Қорытынды
Енді топ басшылары топ мүшелерінің жинаған ұпайларын санап, бағалайды. Сол бойынша оқушыларға баға қойылады.
Ұпай санына байланысты бағалау жүйесі
0 - 6 ұпай - «2» деген баға
7 - 13 ұпай - «3» деген баға
14 - 29 ұпай - «4» деген баға
30 - 33 ұпай - «5» деген баға
Бағалау парағы
Р/ с |
Оқушының аты- жөні |
Үй тапсырма |
Таратпа материал |
Деңгейлік есептер |
Жинаған ұпайы |
Баға |
1 |
|
|
|
|
|
|
2 |
|
|
|
|
|
|
3 |
|
|
|
|
|
|
4 |
|
|
|
|
|
|
5 |
|
|
|
|
|
|
6 |
|
|
|
|
|
|
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі