Өлең, жыр, ақындар

Квадрат түбірлері бар өрнектерді түрлендіру

Сабақтың тақырыбы:

Квадрат түбірлері бар өрнектерді түрлендіру

Сынып

8 сынып

Мұғалім

Шошақ.А.

Сілтеме:

 

Күнтізбелік жоспар, оқулық  8-сынып, интерактивті тақта, электронды оқулық, тірек сызба, постер, флипчарт,

Жалпы мақсаттар:

  1. Квадрат түбірлері бар өрнектерді түрлендіреді
  2. Есептер шығаруда квадрат түбірдің қасиеттерін қолданып өрнектерді түрлендіру дағдысын дамытады
  3. Өз бетімен қорытынды шығарып,   ойларын ашық айтады және ойлау қабілеттерін дамытады;
  4. Пәнге деген қызығушылығын арттырады, есте сақтау, байқағыштық,  тапқырлық қабілеттерін дамытады.   

Күтілетін нәтижелер

  1. Көбейткішті квадрат түбір таңбасының алдына шығара алады;
  2. Көбейткішті түбір таңбасының астына еңгізе алады
  3. Бөлшектің бөлімін иррационалдықтан босата алады
  4. Қысқаша көбейту формуласын пайдаланып өрнектер ықшамдай алады
  5. АКТ арқылы берілген мағлұматтарды дұрыс қолдана алады.

 

Түйінді идеялар

Квадрат түбірлердің математика әлемінде  және күнделікті тұрмыста қолданылу ерекшелігі.

Орындалатын іс-әрекет

Мұғалімнің орындайтын

іс-әрекеті

Оқушының орындайтын

іс-әрекеті

 

Оқыту әдістері

 

Уақыты

 Сынып оқушыларымен амандасып, түгендеу жүргізу.

Оқушылар амандасады. Кезекші сабақта жоқ оқушыларды айтып береді. (себепті, себепсізі анықталынады)

 

1 мин

Психологиялық ахуал қалыптастыру мақсатында

Тренинг .Сыныпты 4 топқа топтастыру

Оқушылар шаттық шеңбер құрады

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсіл

3 мин

Үй тапсырмасын тексеру

 5 сұрақтан құралған тест жұмысын жазады.Интер белсенді тақтада тест жұмыстарының нәтижесі шығады

АКТ-ны қолдану

Жұптық тексеру

7 мин

Жаңа тақырыпты оқушылардың өздеріне меңгерту мақсатында 4 топқа тапсырмалар беру.

  1. Көбейткішті түбір таңбасының астына алу
  2. Көбейткішті түбір таңбасының алдына шығару
  3. Квадрат түбір арқылы қысқаша көбейту формулаларын жазу
  4. Бөлшектің бөлімін иррационалдықтан босату

Топтар мысал келтіру арқылы өз тақырыптарын постерге сызып қорғайды

Дарынды және талантты балаларды оқыту , СТО, көшбасшылық

6 мин

Оқулықтан тапсырма беріледі.

І топ : №149 (1 б)

ІІ топ : №149(2 б)

ІІІ топ: №149 (3б)

ІV топ : №149 (4 б)

4 топ №152,№154,157

СТО

14 мин

Сергіту сәті

4 топқа логикалық тапсырма беру. Топтар бір-біріне логикалық тапсырма береді

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, дарынды және талантты балаларды оқыту

4мин

Оқушыларға сабақты қорытындылау мақсатында формулаларды сәйкестендіруге тапсырмалар беру

4 топ формулаларды сәйкестендіреді, топтар бірін-бірі бағалайды

СТО , дарынды және талантты балаларды оқыту

ОүБ және ОБ

4 мин

Үйге тапсырма беруді ұйымдастыру

 

Кітаптан №153, 156. 158  І топ « у= функциясы және графигі қасиеттері»

ІІ топ « Квадрат түбірлері бар өрнектерді түрлендіру»

ІІІ топ «Квадрат түбірдің геометрияда қолданылуы»

ІV топ «Квадрат түбірдің қасиеттері »

 тақырыптарға слайд жасау

 

СТО, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, дарынды және талантты балаларды оқыту

1 мин

Бағалау жүргізуді ұйымдастыру

Критерий бойынша бақылаушылар бағалауы тыңдалып, талданады.

ОүБ және ОБ (формативті- критерийлер бойынша  бағалау, қолы пайдалану

 

 

 

 

3 мин

Кері байланысты ұйымдастыру

Рефлексия (оқушылар сабақ туралы өз пікірлерін стикерлерге жазып, смайликке іледі)

 

1 мин

 

 


 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз