Тақырыбы:Сан есім
Мақсаты: білімділік:сөз табының бір бөлшегі сан есім туралы ұғым қалыптастыру.
Дамытушылық:баланың ойлау қабілетін,сөйлеу тілдерін дамыту.Қиялын шыңдау.
Тәрбиелілік:оқушыны сауатты жазуға,ұқыпты болуға баулу.
Көрнекіліктепр:плакаттар
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру бөлімі
Жаңа сабақ
Сан есімдер неше,нешінші, сынды сұрақтарға жауап береді
Екі-неше
Алтыншы-нешінші
Тапсырмалар
Жаңылтпашты жатқа айтып сан есімді табу
Үш кіші ішік піштім
Бес кіші ішік піштім
Неше кіші ішік піштім
Тапсырма
Саны бар атауларды тап.Осы сөздерді қатыстырып әңгіме құрап жаз.
Бір-қазан,төрт-тік,жет-ген,сегіз-көз,бес-тік.
Сергіту сәті
Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкентай ағаштар,
Үп-үлкен боп өседі.
Тапсырма
Сан есімдерге мысалдар жазу
Тапсырма
Сан есімге мысал жаз және одан шағын әңгіме құрап жаз
Сабақты қорытындылау
«Ақ тілек» ойыны. Балалар бір-біріне жылы сөздер айтып сабақ қорытындыланады.
Тақырыбы:Жұмбақтар
Сабақ түрі:жаңа сабақ
Әдіс-тәсілдер:түсіндіру,сұрақ-жауап
Мақсаты:Жұмбақтар туралы түсінік қалыптастыру.Жұмбақтың бала өмірінен алатын орыны туралы білім беру.
Дамытушылық:Оқушының қиялын ұштау,білімдерін нығайту.
Тәрбиелілік:Оқушыны жауапты болуға сауатты жазуға дағдыландыру.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі
Жаңа сабақ
Жұмбақ халық ауыз әдебиетінің бір саласы.Жұмбақ баланың қиялын дамытады.Сөздік қорларын молайтып,тілін жаттықтырады.Баланы шапшаңдыққа,ұшқыр ойға жетелеиді.
1.«Кім жылдам» ойыны .Бір оқушы жұмбақ жасырады,калған оқушылар шешуін табады.
2.Жұмбақтар құрастыру.
3.Сергіту сәті.
Мынау менің оң қолым
Мынау менің сол қолым
Мынау басым ақылды
Барлық істі тындырған
4.Қызықты тапсырмалар
Айгүл мен Нүргүл дос.Айгул жеті ағам бар десе,Нүргул алты ағам бар дейді.Екі отбасының балаларын қосқанда қанша бала болады.
Қолымда үш алма
Інімде бес алма
Барлығын қосқанда
Болады қанша алма
Біреуден қонса қарлығыш қарлығаш
Артылар бір қарағай
Екеуден қонса қарлығаш
Жетпейді бір қарағай.
5. «Тілек шоғы» ойыны
6. «Кім жүйрік» ойыны.Оқушылар екі топқа бөлінеді жұмақ жасырып жарысады
7.Сабақты қорытындылау.Бағалау
Тақырыбы:Мәтін.
Мақсаты:Білімділік:мәтін туралы түсінік қалыптастыру.Мәтін және оның түрлерімен таныстыру.
Дамытушылық:Оқушының сөздік қорын,сөйлеу тілін дамыту.
Тәрбиелілік:Оқушыны сауатты болуға,жауапкершілікті сезінуге баулу.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылармен амандасу,түгендеу,сынып даярлығы.
Жаңа сабақ.
Мәтін-өзара мағыналық байланыста айтылатын екі не оданда көп сөйлемнен құралады.
Мәтіннің үш түрі бар:сипаттау,пайымдау,әңгімелеу.
Әңгімелеу мәтіні-бір нәрсе туралы баяндайды,хабарлайды.Әңгімелеу мәтіні үш бөлімнен тұрады;басы,негізгі бөлім,соңы
Пайымдау мәтіні-бір нәрсе туралы неліктен солай болғанын дәлелдейді
Сипаттау мәтіні-белгілі бір заттың ,құбылыстың белгісін көрсетеді.Сипаттап,суреттейді.
1.Сипаттау мәтіні.Мына жүзімді сипаттап бер.
аты,дәмі,түсі,түрі
2.Ат басты,
Бөкен саны бар,
Секірмейді қояндай
Таусылмайтын әні бар,
Не мақұлық танып ал.Қандай мәтін түріне жатады.
3.Сергіту сәті.
4.Өз бөлмелерінді сипаттап беріңдер. Үш қатар болып бөлінеді.Әр таптан екі оқушыдан айтады
5. «Тілек шоғы» ойыны Балалар бір -біріне доп лақтыра отырып тілек айтады.
6.Суретпен жұмыс.Суретке қарап әңгімелеп айтып бер.
Сосын оны қимылмен көрсет.
7.Суретпен жұмыс.Маржан қандай қыз деп ойлайсыңдар.мәтіннің қай түріне жатады?
8.Сабақты қорытындылау
«Бір тілек,бір сұрақ»ойыны арқылы
Бағалау.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі