Өлең, жыр, ақындар

Ақиық ақын Мұқағали Мақатаев

ОҚО ЖҚҮ және ӘББ «Көксәйек тірек-қимыл аппараты

бұзылған мүгедек балаларға арналған медициналық 

әлеуметтік мекемесі» КММ-сінің тәрбиешісі Жолдықараева Д

                                                                   

Сабақтың тақырыбы: Ақиық ақын Мұқағали Мақатаев

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: ой қозғау, мағынаны тану, сұрақ жауап, әңгімелесу, топтастыру

Білімділік мақсаты: Ақиық ақын М.Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығынан мәлімет беру, ақын өлеңдерін сүйе білуге, өлеңдерінің мазмұнын терең ұғына білуге үйрету.

Коррекциялық мақсаты: Өлеңдерін нақышына келтіріп жатқа оқу, сөйлеу тілдерін жетілдіру, тіл байлығын арттыру.

Дамытушылық мақсаты: Өлеңнің идеялық мәнін түсіне білуге, ойын әдеби тілмен өрнектей білуге, тапқырлық танытуға дағдыландыру.

Тәрбиелік мақсаты: Өнер адамына, еліне, тілге деген патриоттық сезімдерін ояту, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Ұйымдастыру кезеңі:

Балалардың назарын сабаққа аудару.

Күнделікті сөз:

Балалар бүгін қай күн?

Аптаның қай күні?

Жылдың қай мезгілі?

Өткен сабақты қайталау:

«Ас атасы-нан»

«Нан қайдан келді?»

Бидайдың өсуі мен нан пісіру кезеңге дейінгі еңбекті әңгімелеу.

Сергіту сәті:

Көкке бойын созады.

Көпке қолын созады,

Кең құшағын ашады,

Көлеңкесін тосады

Көк қарағай, қарағай,

Мейірбанды анадай

Жаңа сабақ:

Ой шақыру

           Үш бақытым

Ең бірінші бақытым – халқым менің,

Соған берем ойымның алтын кенін.

Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын.

Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.

Деген өлең жолдары қай ақынның шығармасы деп ойлайсыңдар балалар?

Оқушы жауабы.

Ал балалар енді бүгінгі сабағымыз Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевқа арналады.

Сондағы «Ақиық» деген сөз қандай мағына білдіреді деп ойласыңдар?

Оқушы жауабы:

Ақиық – бүркіт туысына жататын қыран құс. Ауыспалы мағынада асып тұрған дарын иесі, зерек адамды білдіреді.

      «Пай, пай  Өмір! Өтесің ау- бір күні» - деп жырлаған ақын Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев 1931 жылы 9-ақпанда Алматы облысының  қазіргі Райымбек ауданындағы Қарасай ауылында дүниеге келді. Азан шақырып қойған аты Мұхамедқали. Бірақ – «пайғамбар атын алып жүру жас балаға ауырлық етеді» деп есептеген ата-анасы оның кішкентай күнінен Мұқағали деп еркелете, атап кетеді. Сүлеймен әкей мен Нағима шешей олардан кейін Тоқтарбай, Көрпеш атты екі ұл сүйеді.

       Мұқағалидың әкесі шаруа адамы болған. Колхозда сушы, шалғыншы болып жұмыс  істейді, 1941 жылғы Ұлы Отан соғысы басталғанда яғни Мұқағали 10 жасқа келгенде әкесі майданға аттанып Калиниград майданында болған сұрапыл шайқаста 29 жасында ерлікпен қаза тапқан. Мұқағали бастауыш сыныптарды Қарасазда, орта мектепті  Нарынқолдағы интернатта бітірді. 14-15 жасынан жаза бастаған өлеңнен қол үзген жоқ. Төбесі аласа үйге қалың-қалың кітаптарды үйіп тастап,  бірінен кейін бірін оқитын.

       Мұқағали қазақ әдебиеті классиктерінен бөлек, орыс әдебиетінің, оның ішінде Пушкин, Есенин, Блок поэзиясын сүйсіне оқыды. Шет ел әдебиетінен Геине, Гете, Дюмо, Гюго, Байрон еңбектерін әсіресе Бальзак, Лондон, Шекспир шығармаларын жоғары бағалады.

Нағима апаның айтуынша үйдің тұңғышы болғансын ба Мұқағали Тиын әжесіне жақын еді.

        Әже сен бірге жүрсің меніменен

        Өліге мен өзіңді телімегем

Ақ кимешек көрінсе сені көрем,

Ақ кимешек жоғалса, нені көрем? –деп өзі жырлағандай Мұқағали ер мінезді, айбынды әжесін ерекше құрметтеген.

         Ақынды да, алыпты да, ғұлама ғалымды да өмірге әкелген аналарға қашанда мың тағзым! Баласы үшін ананың кез келген ерлікке баратынын жырлаған Мұқағали бала үшін жер бетінде анаға жетер адам жоқ екенін әсіре дәріптеген өз анасы туралы ол  «Шеше сен бақыттысың» Екі жыр жазсам бірін саған арнап «Шеше» деп жаздым сөз басына дейді.

 «Шеше сен бақыттысың»

Сен мына жанарымның ішіндесің

Білесіңғой жанардың кішірмесін.

Ішінде жанарыңның сақта мені,

Біреулер көлеңкесін түсірмесін.

Әдебиетке құштарлығының қайнар көзі  Қарасаздан бастау алған Мұқағали орта мектепте Нарынқолдағы мектеп-интернатта бітірді. Одан кейінгі жылдарда оқу орындарының бірнешеуін еш қиындықсыз-ақ түсіп

1948 -1949 жж - ҚАЗМУ-дың филология факультетінің студенті.

1948 ж -оқуын тастап, Шибұт ауылында ауылдық кеңестің хатшысы.

1949 ж - көктемде жары Лашынмен отау құрды.

1949 ж - «Советтік шекара» газеті ақынның «Қырман басында» , «Қойшы бала - Әкітай» деген өлеңдері жарияланды.

1950ж  - Алматыдағы Шет тілдер институтының неміс тілі факультетіне оқуға түсіп, көп ұзамай тұрмыстық жағдайына байланысты оқуын тастайды.

1954ж – Қарасаздың бастауыш мектебінде орыс тілі мұғалімі болып тағайындалды. Осы жылы ақынның үш өлеңі «Әдебиет және искуство» журналында жарияланды.

1957ж - Республикалық радионың диктор қызметін атқарды.

1960-1962 жж - «Советтік шекара» газетінің бөлім меңгерушісі.

1963-1965 жж  «Мәдениет және тұрмыс» журналында жұмыс істейді.

Мұқағали Мақатаев ең бірінші ақын, сосын драматург, сатирик, публист, жазушы, аудармашы, ұстаз, журналист деп атап өтеміз. Қаламы жазудан құрғамаған 1964-1976 жж аралығында сегіз жыр жинағы жарық көрді. Жалпы, Мұқағали Мақатаев мыңнан астам өлең жазып «Ильич», «Райымбек, Райымбек!», «Моцарт Жаназасы» тәрізді тағыда бірқатар поэма толғаулар, көркем аудармалар қалдырады. Ақын қай тақырыпта жазса да жан-жүрегімен тебіреніп ақындық шабытпен, суреткерлікпен, шеберлікпен жеріне жеткізе жазады.

Мұқағалидың жарының есімі – Ләсима, еркелетіп Лашын атап кеткен. 1949 ж наурызында қиыншылыққа қарамастан Мұқағали мен Лашын екеуі үйленеді.Олардың балалары  Майгүл, Жұлдыз, Шолпан, Айбар. Балаларын жанынан артық жақсы көреді.

Балаларға арнап көптеген өлеңдер жазған. Оның өлеңдері  туған жер, табиғат туралы. Жастарды елді, табиғатты сүюге, оны аялап білуге үйретеді. Алып ақын туған даласы мен тауларына, ормандарына сағынышын баса алмай кеткен ұлы ақын.

Замандастары жалпы, Мұқағалидың көзі көрген үлкенді-кішілі  қауым бірауыздан ақынның ерекше ақкөңіл, ақжүрек, мейірімді жан болғандығын айтады. Сонымен бірге, өтірікке жаны қас, көлгірсуді сүймейтін, шындықты бетке айтатын кесек  тұлғасын ірі мінезін елжірей айтады.

Мұқағалидың бірнеше өлеңдеріне ән жазылған. Мысалы: «Сәби болғым келеді», «Есіңе мені алғайсың», «Көгершіндер», «Саржайлауым», «Фариза» т.б. Мұқағали – халқын, ана тілін, Отанын қадір тұтқан азамат ақын. Ол «Үш бақытым» атты өлең жазған.

Өлеңді талдау

Ал енді балалар Мұқағалиды біз бүгін ғана жырлап отырған жоқпыз. Мектепте де  Мұқағали туралы айтып жырлап жүрміз. Ендеше балалар Мұқағалидың қандай өлеңдерін білесіңдер?

Мұқағали өлеңдері

Феруза:

Поэзия! Менімен егіз бе едің?

Мен сені сезесің  бе, неге іздедім?

Алауыртқан таңдардан сені іздедім ,

Қарауытқан таулардан сені іздедім.

Сені іздедім кездескен адамдардан,

Шырақтардан, оттардан, жалаулардан,

Сені іздедім, жоғалған замандардан,

Сені іздедім сезімге у шараптан да,

Минуттардан іздедім, сағаттан да

Сені іздедім.

Іздемей тағат барма?

Сені маған егіз ғып жаратқан ба?

Әдемі:

Ол өмірге келгенде көктем еді,

Жер гүлін көкте нұрын төккен еді

Саялап сол самал өпкен еді

Сол өмірге несіне өкпеледі

Ғашықпын,  шын ғашықпын сол адамға

Мен болмасам болмаймын сол аман ба?

О, Тәңірім, неткен жан қайырылмайтын

Жүрегі еттен бе әлде қоладан ба?

Диана:

Мен нағыз махаббатты армандаймын

Оны мен жоғалтып та алғандаймын

Ақ қаздар арасынан аққуымды

Ажырата алмаған сор маңдаймын

Назерке:

Өмір жайлы не түсінем мен деген

Өмір жайлы сұрай берме сен менен

Өмір жайлы білгің келсе қартқа бар,

Өміріне кегі кеткен өлмеген

Өмір жайлы сұрай берме сен менен

Өмірді мен әлі зерттеп көрмегем

Өмір жайлы білгің келсе қартқа бар

Қан майданнан жалғыз ұлы келмеген

 

Ақын ағамыз өмір туралы, өмірдің ащысы мен тұщысы туралы тебірене жазады.

Суретпен жұмыс.

Сұрақтарға жауап. Оқушыларға кеспе қағаз таратылады.

№1 Мұқағали кім, қай жылы дүниеге келген?

№2 Мұқағали неше жасынан өлең жаза бастаған?

№3 Өлеңдері кімдерге арналып айтылған?

№4 Ақынның қандай өлеңдерін білесің?

№5 Ақынның қай өлеңдеріне ән жазылған?

№6 Әкесі соғысқа аттанғанда Мұқағали неше жаста еді?

№7 Мұқағалидың жарының есім кім?

Топтастыру:  

Мұқағали кім?

Қорытынды: Бүгін менің туған күнім, ой, пәле-ай!

Мына адамдар неге жатыр тойламай?

Банкет жасап берер едім өзім-ақ

Тәіңірдің бір жарытпай-ақ  қойғаны ай! – деп жырлаған Мұқаң көзі тірі болғанда 84 жасқа толар еді. Қазақтың қара өлеңіне шекпен жапқан Ақиық ақын небәрі 45 жасында дүниеден өтті. Өзі өлседе өлеңдері өлмейді. Бүгінгі ұрпақ ақын өлеңдерін жатқа оқып, қайраттанып, жігерленіп өсіп келеді.

Поэзия әлеміне самғадың,

Әділетті көксеуден еш қалмадың

Ақынның ақиығы атанып

Ел аузында мәңгі қалды жазғаның

М - Мұқағали

Ұ- ұрпаққа

Қ - қалдырған

А - аманатын

Ғ- ғасырлар

А - арнасына

Л - лайық деп

И - иіліп, бас иеміз!

Бағалау.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз