Милостық Венера

Бұл бетте «Милостық Венера» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 30.04.2019
  • 0
  • 0
  • 2718
Кеңдігі ме өмірдің,
Тарлығы ма?!
Ойлы көзге дүние жарлы мына.
Венераны көрген жан сене алмайды
Бұдан басқа сұлудың барлығына.
Бір құдірет сен одан, сірә, көрдің,
Мойыныңды кетерде бұра бердің.
Күндіз демей,
Түн демей,
Алдында оның
Тұра бергің келеді,
Тұра бергің.
Күлем десең күле бер миығыңнан.
Сыр оқыдым көзіңнің қиығынан:
Аз болғандай көргенің,
Қарағаның,
Сипағың кеп кетеді иығынан!
Солай әлі Мысырда,
Әлі Үрімде...
Не істесе де таланттың әмірінде.
Осы жолы
Адамнан жеңілгенін
Мойындаған шығар-ау Тәңірің де!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Милостық Венера өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Милостық Венера өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Милостық Венера өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Милостық Венера өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері