Адамның бағасы – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Адамның бағасы» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 30.04.2019
  • 0
  • 0
  • 5777
Гранитті құм қылған да адамдар.
Мәрмәріңді ұн қылған да адамдар.
Шындығыңды айналдырып жалғанға,
Жалғаныңды шын қылған да адамдар.
Жалғыз үйді ел қылған да адамдар.
Жапан түзді жол қылған да адамдар,
Шөлейтіңе көл әкеліп көгілдір,
Көлдің орнын шөл қылған да адамдар.
Жез бен мысты пұл қылған да адамдар.
Падишаңды құл қылған да адамдар.
Құла жонды гүл қылған да адамдар,
Гүлдің орнын күл қылған да адамдар.
Тегіс жерді тау қылған да адамдар.
Тақыр жерді тау қылған да адамдар.
Бір-бірімен достастырып дұшпанды,
Достарыңды жау қылған да адамдар.
Адам салып,
Адам бұзған бар қала.
Ылғи мақтап,
Ылғи оны қарғама!
Жақсы деу де,
Жаман деу де аз оны —
Адам үшін жеткіліксіз бір баға!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Адамның бағасы өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Адамның бағасы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Адамның бағасы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Адамның бағасы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері