Аққу едім – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Аққу едім» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.05.2019
  • 0
  • 0
  • 3390
Сен де сері, ей қалқа, мен де сері, ахау,
Шын сүймесем көңілімді бермес едім, дариға.
Құс аңдыған мергендей көл жағалап, ахау,
Сен болмасаң бұл жерге келмес едім, дариға.

Аққу едім көлдегі,
Сұңқар едім шөлдегі,
Үйрек ұшып, қаз қонған,
Дария шалқар көлдегі.

Шықпай жатып бесіктен қайғы торып, ахау,
Сарғалдақтай жаңбырсыз қалған солып, дариға,
Қайда барсаң алдында Қорқыи көрі, ахау,
Неге тудық бақытсыз халық болып, дариға.

Аққу едім көлдегі,
Сұңқар едім шөлдегі,
Үйрек ұшып, қаз қонған,
Дария шалқар көлдегі.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері