Бүлдірген – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Бүлдірген» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 09.05.2019
  • 0
  • 0
  • 4418
Қонғаны аулымның ой болса екен,
(Қорадан өріп шығар қой болса екен.)
Ойдан төмен жайылған қой болса екен.
Тілеуін екі жастың біз тілейік,
Мереке, күнде осылай той болса екен.

[Қайырмасы]
Бүлдірген,
Қандай жақсы,
Құрбылармен бір жүрген.

Қарағайлы, ендеше қарағайлы,
Қарағайды көп жылқы аралайды.
Жақсы-жайсаң осылай бас қосқанда,
Бекер қарап отырған жарамайды.

[Қайырмасы]
Бүлдірген,
Қандай жақсы,
Құрбылармен бір жүрген.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері