Сайтта техникалық жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қате байқалса, назар аудармауыңызды сұраймыз.

Сал-сал жырым

Бұл бетте «Сал-сал жырым» атты Мұқағали Мақатаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Сал-сал жырым, сал жырым,
Ағытыл, алтын сандығым.
Сен бар жерде баймын да,
Сен жоқ жерде жарлымын.
Сал-сал жырым, сал жырым.
Тыпыршушы едің кермеде,
Тындың да қалдың сен неге?
Тымырсып барын біткенше,
Өртеніп кеткін, өр неме!
Өртеніп кеткін кеудеде!
Қаршығам едің қағынды,
Қағынбай қалдың нағылды?
Тояттап тұрсаң ұша алмай,
Жабулы ңазан жабулы,
Бықсытпа менің жанымды.
He болды саған, жолдасым?
Қарайсың әзер, болмашы.
Қарусыз сенсіз қалдым мен,
Тұтқынға түскен қолбасы,
He болды бізге, жолдасым?!


Пікірлер (3)

Төлебек Еркеназ

өте керемет

Ақжол

Жақсы өлең

Дархан

Мұқағали Мақатаевтың Сал-сал жырым өлеңі ұнады

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сал-сал жырым өлеңінің авторы кім?

Мұқағали Мақатаев — осы өлеңнің авторы.

Сал-сал жырым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сал-сал жырым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мұқағали Мақатаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сал-сал жырым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері