Бүркіттің төрт саусағы
Бұл бетте «Бүркіттің төрт саусағы» атты Серікбай Оспанов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Көрдім тұяқ салғанын,
Бүріп түлкі алғанын.
Ал атайды бүркіттің
«Тегеурін» деп бармағын.
Ол шеңгелін кең ашар,
Қорқып аң, құс, төл қашар.
Сығым – аты жоқ қолы,
Сұқ саусағы – жембасар.
Оған қай құс тең келмек,
Оған бірдей Жер мен Көк.
Төртіншісі – шынашақ,
Атайды оны «шеңгел» деп.
Бүркіт осал жаралмас,
Саусағының бәрі – алмас.
Тегеурін – ең мықтысы,
Онсыз бүркіт аң алмас.
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі