Қария мен дария

Бұл бетте «Қария мен дария» атты Қалижан Бекхожин жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.05.2019
  • 0
  • 0
  • 2839
Алтын сақал омырауын алқалап,
Қария тұр қабағынан ой тарап.
Күркірейді орғып долы дария,
Аласапыран толқындарын арқалап,
Шал сөйледі күліп қана мұртынан:
«Уа, бүлікшіл жарға сыймай бұлқынған,
Білмейсің-ау...
Батыр қолдар түйіліп,
Келе жатыр төніп сенің сыртыңнан».
Саған шоқ-шоқ!
Неге есіріп тасыдың?—
Батты маған сенің кесір-асырың.
Әлек салдың талай апат нөсермен,
Мені тіпті жан демедің, басындың.
«Ту-түлегей толқыныңды тулатып,
Талай кеттің қырларыма құм атып.
Талай менің лашығымды әкеттің,
Талай бұздың қорғанымды қиратып».
«Ал далада, шөлдегенде көрмедің,
Үркіп менен өз бетіңше өрледің.
Уа дариға, бұл асауға бір тұсау —
Болар ма деп, баяғыдан шерлі едім».
«Енді өрмін, тұрмын тіпті қуанып,
Тентек шіркін, биле алдымда бұралып.
Құрыш қолын өрендерім сермеді,—
Қыл мойныңа түседі енді бұғалық..»


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қария мен дария өлеңінің авторы кім?

Қалижан Бекхожин — осы өлеңнің авторы.

Қария мен дария өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қария мен дария өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қалижан Бекхожин өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қария мен дария өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері