Шықпайды деп ойлама жастан дана – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Шықпайды деп ойлама жастан дана» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1179
Шықпайды деп ойлама жастан дана,
кәрі-жасы болмайтын тастар ғана.
Миы да жоқ, ойы жоқ шалдар қанша
басын бұлдар орап ап ақ шалмаға.
Ұқсап соғыс жылдағы басқармаға,
ел сыйлайды екен деп аспандама.
Ел сыйлайды сатусыз, құн дәметпей
мейіріміңді сен оған шашсаң ғана.
Қасиетті болса адам, асқан дана,
"Мен - әулие, - демейді, - жастар – бала".
Дана болсаң, басыңды и ұлылыққа,
мынау үлкен-кіші деп жас таңдама!
1993


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері