Өліара – Ырысбек Дәбей

Бұл бетте «Өліара» атты Ырысбек Дәбей жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 10.08.2021
  • 0
  • 0
  • 691
Күн күліп саумал сәулесін,
Ғаламға мынау шашады.
Қысқарып жансыз көлеңке,
Таусылып тауға қашады.
Шаншып ап таулар тұманды,
Бүк түсіп ұйқы құшады.
Сыңсытып баяу бір әнді,
Мамырлап құстар ұшады.
Дірілдеп нәзік тал басы,
Мейірге шомып ып-ыстық.
Жаңбырдан соңғы аз ғана,
Дәриға-ай, бейғам тыныштық.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері