Өлең, жыр, ақындар

Соғыстың соңғы көктемі

  • Bain
  • 24.04.2015
  • 1
  • 22
  • 67277
Жасылмен бояп қойған ба?!
Жап-жасыл таудың бөктері
Қырлар да, мынау ойлар да,
Жап-жасыл болып көктеді.
Соғыстың соңғы көктемі.
Көп болды, жасыл тауларға,
Жап-жасыл бұлттар шөккелі.
Әкелді шуақ бар маңға,
Соғыстьң соңғы көктемі.
Соғыстың соңғы көктемі,
Көп болды нұрын төккелі.
Жап-жасыл анау аспан да,
Аспан да, сірә, көктеді.
Бойына таудың асылып,
Шұғыла тұрды, көк меңі.
Қызғанып, гүлін жасырып,
Қылтанақтар да көктеді.
Соғыстың соңғы көктемі.
Жап-жасыл шыбық, тал-дағы,
Орманның жасыл шекпені.
Қуанта, бірақ, алмады,
Сонау бір үйді шеттегі,
Соғыстың соңғы көктемі...



Пікірлер (22)

айгул

керемет олендер

Алфиса

Басқа соғыс туралы өлеңдері жохпа?...

Бақдаулет

Керемет оте керемет

адина

Рақмет!Тамаша өлең

адина

тамаша

Балапан

Өте керемет

Дамира

өтте керемет тақпақ

Жанель

КЕРЕМЕТ

Мықты

Мықты

Азиза

Мен мына оленди жаттап алдым

Болатбеков Инкара

Оте керемет такпак екен .Жаттап алсам Жаксы болу шеды

Марал

Пайдама жарады, рахмет!

Жанар

Керемет

Ердос

Өте әдемі өлең

Сәлем беріп отыр

Ассалаумағалайкум және басқа елді мекен еткен және басқа елді мекен еткен кезде де бір

Ақерке

Мен осы таппақты бүгін айттым өте күшті

Айбота

Өте керемет өлең жолдары

Жексенгали

Соғыстың табиғатын соншалықты дәл жеткізген будан артық олен жок сиякты.

Айару

Маған ұнады мен соғыстың соңғы көктемі жаттадым????

Томирис

Күшті ғой осының арқасында 5 алдым

Айзере

Өте кушті

Марал

Бұл жерде жарияланған Мұқағали Мақатаевтың “Соғыстың соңғы көктемі” өлеңі — соғыс пен өмірдің өткінші сәттері туралы терең сезім мен ойды керемет жеткізген поэзиялық туынды. Ақынның тілі көркем және әсерлі, соғыстың табиғатын нәзік әрі мағыналы түрде бейнелейді. Қазақ поэзиясын сүйетін оқырмандар үшін бұл шығарма — рухани бай, тәрбиелік мәні зор материал.

Пікір қалдырыңыз

Қызықпа, қыз!

  • 1
  • 3

Ақын жайлы айтады қызықты аңыз,
Бірақ сен қызықпа, қыз!
Қызықпа, қыз!
Рас-ақ, біздер - патша!

Толық

Апырмай, туған жер-ай

  • 1
  • 20

Апырмай,
Туған жер-ай!
Теңдесер кім,
Бұл жерге сен болмасан, келмес едім.

Толық

Мықтымын ғой дегенмен...

  • 1
  • 5

Мықтымын ғой дегенмен
Қорғасындай бір салмақ кетер емес денемнен.
Басады кеп төбемнен. Қош айтысып өлеңмен,
Терезеге төнем де Алатауды көрем мен -

Толық