Күйші – Ғафу Қайырбеков

Бұл бетте «Күйші» атты Ғафу Қайырбеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 23.05.2019
  • 0
  • 1
  • 2570
Шәміл деген бір бала.
Келді-дағы килікті.
Кездескені сол ғана,
Кеудемізге күй бітті.
Әуре болдық орында
Отыра алмай,ойнақтап,
Домбырашы ол емес,
Өзіміз — деп ойлап қап.
Таланты екен жасынан,
Күйші бопты сұрапыл,
Домбырасының басынан
От жарқылдап тұратын.


Пікірлер (1)

Маған ұнады

Қандай керемет өлен шұмақтары

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері