Алтын күрек – Ғафу Қайырбеков

Бұл бетте «Алтын күрек» атты Ғафу Қайырбеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 23.05.2019
  • 0
  • 0
  • 3440
«Алтын күрек» — жел аты
«Жүрек» таудан соғатын,
Ырыс — дейді — қанатын
Дән сорғалап таматын.
«Қызыл қырман үстінде
Алтын күрек ескенде,
Қалмас елдің ішінде
Ризықсыз еш пенде!
Дихан ата «күрегі» ол
Мәңгі бақи сынбаған.
Дихан ата «жүрегі» ол
Ел сүюден тынбаған!»
«Алтын күрек» — жел аты
«Жүрек» таудан соғатын.
Осы аңызды ел айтып,
Кім шығарса, сол ақын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері