Жартас – Жұмекен Нәжімеденов

Бұл бетте «Жартас» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 01.06.2019
  • 0
  • 2
  • 2745
Баяғы мүсін бір қалып,
Тапжылмайсың орныңнан.
Кектендің кімге сұрланып,
Кім екен сені қор қылған.
Түнердің мұнша сен неге?
Аспан тұр ғой мөлдіреп.
Әлде өкіндің: «кеудеме
Жапалақ кеп қонды» – деп.
...Ызғар кетпес жүзіңнен,
Ізі қалмас жыл айдың.
Көлді көріп күліп ем,
Сені көріп мұңайдым.


Пікірлер (2)

Айша

Күшті

Айша

Керемет

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері