Кісі бола қалғаным жоқ мен демде – Жұмекен Нәжімеденов

Бұл бетте «Кісі бола қалғаным жоқ мен демде» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 01.06.2019
  • 0
  • 0
  • 3270
Кісі бола қалғаным жоқ мен демде,
Өз ойымнан өзім талай айныдым.
Шын айтсаң да сын айтуға келгенде
Керек екен парасаттың байлығы.
Кей сәттері қамалып кеп шіркін ой
Жаңсақ алған адымыңды айыптар.
Су бетінде жүзіп көрші... күлкі ғой,
Ескегің жоқ, таяуың жоқ, қайық бар.
Сол қайықтай шыр-көбелек айналып,
Иге көніп, иірімге бір шығып,
Бұралқы жел кетеді деп қайда алып,
Жағалауға қарап қоям күрсініп.
Кейде аяқты нықтап келіп тіреймін,
Кейде алысқа үрейімді ап жан ұшып.
Судың бетін алақанмен күреймін,
Толқындардың сақалына жабысып...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кісі бола қалғаным жоқ мен демде өлеңінің авторы кім?

Жұмекен Нәжімеденов — осы өлеңнің авторы.

Кісі бола қалғаным жоқ мен демде өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кісі бола қалғаным жоқ мен демде өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жұмекен Нәжімеденов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кісі бола қалғаным жоқ мен демде өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері