Шомылып мөлдір өзенге – Жұмекен Нәжімеденов

Бұл бетте «Шомылып мөлдір өзенге» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 01.06.2019
  • 0
  • 0
  • 2701
Шомылып мөлдір өзенге,
Сергіп те қап ем оянып,
Жауапты бір кезеңге,
Келіп те қаппын таянып.

Ғажайып қырлар гүлденген,
Қызылды-жасыл боялып.
Бояуы кеппеген күндерден,
Қуанып қалдым ой алып.

Болмайтын сын-ды тоқталсам,
Жетпейді ақыл-қиялым:
Күйдірем нені – от болсам,
Су болсам – қайда құямын?

Уақыт қуып барады –
Асығып келем, асығып.
Сырындай мына даланың
Ашылып келем, ашылып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері