Ұшқыр болсаң, қара бұлт – Жұмекен Нәжімеденов

Бұл бетте «Ұшқыр болсаң, қара бұлт» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 01.06.2019
  • 0
  • 0
  • 2720
Ұшқыр болсаң, қара бұлт,
Шың қабағын баспас ең!
Көк төсінде жаралып
Қалай қондың тасқа сен?

Қайсар десе сенем бе,
Ұялмайсың жылаудан.
Ірмелесің төбемде
Керуендей жүгі ауған.

Жүргізіп жел әмірін
Қойныңа енді кеуледі.
Берді-ау саған әуелден
Жүрегі жоқ кеудені!

Аттай алмай тау-қырдан
Шүйіліп кеп төнесің.
Өзің қашып дауылдан
Кімді қуып келесің?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері