Кешір – Анар Шамшадинова

Бұл бетте «Кешір» атты Анар Шамшадинова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 03.06.2019
  • 0
  • 0
  • 2423
Кешір,
Кінәласаң өзің біл.
Несін?!
Жылуыңды сезіндім
Енді еріксіз, шексіз
Жесір
Махаббатымнан безіндім.
Енді
Ертеңім бұлдыр
Жеңді
Құмарлық сыңғыр,
Онсызда мұңым көп менің
Ерді
Соңымнан бір мұң.
Тойшыл
Көңілім екен
Ойшыл
Өмірім өтер.
Шын сүйіп шындық таппадым,
Қойшы,
Бәрі де бекер...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері