Сабағымды бітірдім – Баубек Бұлқышев

Бұл бетте «Сабағымды бітірдім» атты Баубек Бұлқышев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.06.2019
  • 0
  • 0
  • 3712
Сабағымды бітірдім.
Лагерьге енді барайын.
Оқып көркем кітаптың
Тәтті дәмін алайын.
Самолетке отырып,
Жұлдызша көкте ағайын.
Естісін әлем сүйсініп,
Мотормен ән салайын.
Шешек атсын қызыл гүл,
Мәпелеп сылап бағайын.
Иісі қандай тамаша,
Кеудеме сәндеп тағайын.
Тоқта, әй, жолдас! Тұра тұр!
Бейнеңді қазір түсірем.
Қазір даяр болады,
Қалмайды бес минуттен.
Шекарадан жауды ұстап,
Келемін байлап жетелеп.
Аузында нәгән күшігім,
Айдап келед төпелеп.
Химияның ғылымын,
Сүйіп сонша оқыдық.
Міне ұшырдық, жазда біз,
Ауаға шарды толтырып.
Шарықта, үш көкке шар!
Механигің біз балалар.

1939 ж.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері