Нұрзағышқа – Кәкімжан Қазыбаев

Бұл бетте «Нұрзағышқа» атты Кәкімжан Қазыбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1060
Нұрзағыш, етің тәтті, тортың тәтті,
Мен бүгін оларыңды жедім қатты.
Үйінде Кәкімжанның пісірсінші,
Жолдарын Орыншаға айтшы нақты.
Тәтті төрт бердің-дағы еттің алаң,
Бұл үйден қалайша енді кете алам.
Екеуміз ыздиып бір отырайық,
Төлеухан жүрсін шауып далаң-далаң.
Кеңесім мұндай асты көп жасама,
Сұқтану, көз тиюден бол тасада.
Дегенмен жақсы достар үзілмесін,
Бола бер, алтын ұя, құт босаға.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері