Жезді

Бұл бетте «Жезді» атты Лұқпан Сисекенұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1591
Қара ойы қасиетті Маңғыстаудың,
Жерленіп жеті жұрттың көшкен жері. (Халық жыры)

Доңыз тауға барар жолда Бейнеуден,
Омырауына ғасырлардан күй өрген..
Жезді жатыр көне Жібек сүрлеуде,
Сырлар қанша біздер әлі білмеген.
Астанасы Оғыздардың алғашқы,
Араласып Дайлар еркін төрге енген!
Құлыптастар тас кітаптар ежелгі,
Ойға салар бастан өткен кезеңді.
Ата қоңыс Маңғыстауды жыр қылып,
Абыздардай ағылады өздері.
Осы жерде Оғыз-Қыпшақ бас қосып,
Таңдандырған бірлігімен өзге елді!
Жазып кеткен таңбалы тасқа бәрінде,
Жиырма төрт тайпа, белгілерін көрдіңбе.
Ғайып болған қанша шаһар, қамал бар,
Ұлан байтақ сенің туған еліңде.
Тарихыңды жеткізе біл ұрпаққа,
Тартып өссін Көк Бөрілік тегіңе!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жезді өлеңінің авторы кім?

Лұқпан Сисекенұлы — осы өлеңнің авторы.

Жезді өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жезді өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Лұқпан Сисекенұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жезді өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері