Дауылпаз жырау Сүгірім – Лұқпан Сисекенұлы

Бұл бетте «Дауылпаз жырау Сүгірім» атты Лұқпан Сисекенұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2019
  • 0
  • 1
  • 1635
Ақ нұрына орап күн - айдың,
Өзі арнап берген Құдайдың.
Дауылпаз жырау Сүгірім,
Бұлағындай мөлдір қайнардың,
Ағылтып маржан сөз майын.
Асқақтатқан өр рухын,
Жауынгер халық Адайдың.!
Ақ жауындай төгілген,
Қуат алып тегінен.
Бабалар даңқын қайталап,
Жалын да болып өрілген,
Сахара байтақ далада,
Жүйріктікпен жан салмай,
Құлан да болып көрінген.
Нажағайдай бұлт тілген,
Шуақта болып өрілген.
Құт мекенді ата-жұрт,
Маңғыстаудың төрінен.
Аққуларға ән қосып,
Бірге болып еліммен.
Шыға біліп сенімнен,
Ақиқатты ту қылып,
Сескенбеген өлімнен.
Халқының үнін жақтаған,
Ізденіп тыным таппаған.
Жұтқыны үшін иіліп,
Ешқашан харам татпаған.
Достыққа жаны адал боп,
Ешкімді жауға сатпаған.
Дариядай тасып кеудеде,
Ағын жыр бойға сыймаған.
Құдайы қонақ кез келсе,
Құрметтеген сыйлаған,
Бар тілегін ақтаған,
Теңіздей шалқып шаттанған!
Ізгіліктен жол салып,
Абыройын берік сақтаған.
Жақсылыққа құмар боп,
Құраннан аят жаттаған.
Ұрпақтың ойлап ертеңін,
Ерліктің жырын ақтарған
Қалмас үшін қапыда,
Батырлықты құптаған.
Арып-ашып ел үшін,
Азаттықтың тілеп жеңісін
Құрыш болат жігермен,
Сыйға тартып жемісін,
Терең оймен дем салып,
Кеңейтіп елдің тынысын
Молайтқан байлық ырысын.
Әруақты менің жан бабам,
Өнегеңменен ұлысың!


Пікірлер (1)

Myrza

Өте керемет

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Дауылпаз жырау Сүгірім өлеңінің авторы кім?

Лұқпан Сисекенұлы — осы өлеңнің авторы.

Дауылпаз жырау Сүгірім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Дауылпаз жырау Сүгірім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Лұқпан Сисекенұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Дауылпаз жырау Сүгірім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері