Өлең, жыр, ақындар

Жұмабек Тәшенов

  • 09.06.2019
  • 0
  • 0
  • 3058
Менің елім шын құдірет емеспе,
Қанша қырғын кешті бастан егесте.
Азап көрді, қуғын көрді сұрапыл,
Бәрі, бәрі сақталар-ау мәңгі есте.
Қызыл терор қанын бүркіп шошытқан,
Екі миллион көзін жұмған аштықтан.
Ал қаншасы шет ел асты пана іздеп,
Сағынғанда туған елін жас сыққан!
Көтертпестен еңсесін мұң қорғасын,
Тауға тасқа соққан халқым өр басын.
Сол қорлығы аз болғандай Кремль,
Зорлықпенен төкпек тағы көз жасын.
Алтын тұнып көрінгендей жер асты,
Қызықтырған байлық толы даласы.
Айырып тынбақ түп тамырдан қалайда,
Қызыл айдар таққан қара албасты.
Бар қулығын саясатпен есептеп,
Жерін бөлмек өзге жұртқа бөлшектеп.
Түрікменге сыйға тартып батысын,
Оңтүстүгін Өзбектерге қажет деп.
Сұлулығын Тәңір соққан көрмедей,
Солтүстігін өзі алмақ түгелдей.
Сұмдық ойлы Тиран тектес Хрущев,
Тың даламның бетін жыртқан түрендей.
Көпіргенде түкірігі шашырап,
Елді былғап уға айналып түскендей.
Қапы болып қалмас үшін өкініп,
Қажет еді жүрек жұтқан өткірлік.
Мың қазақтан алға шықты Жұмабек,
Жауға ұмтылар Көк Бөрідей ұмтылып.
Ресейдің кең деуші едік құшағын,
Кім ойлаған жұмсайды деп пышағын.
Арам ниет үлкен қылмыс емеспе,
Талапайлап Қазағымның ошағын!
Не айтасың бүкіл әлем алдында,
Тіке айтып пысын басты дұшпанның!
Қырандардай қос қанатын кең қағып,
Азаттыққа аман жетті ер халық.
Күнде маған елестейді нар қазақ,
Мінбелердей ой салғандай сөз алып.
Ар намысын туған елдің қорғауға,
Бабалардай ерлікпенен жан салып!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Батыр бабам

  • 0
  • 0

Туған елде ұмтыларма,
Ер Қосайдың өр істері.
Ұрпақтардан ұрпақтарға,
Нәр береді жеңістері.

Толық

Хатынь қасіреті

  • 0
  • 0

Түрлері жендеттердің қандай сұсты,
Селоға бей – жай жатқан қаптай түсті
Тірілей тұрғындарын өртеу үшін,
Сарайға итермелеп арпалысты.

Толық

Жаңабай әулие баба үні

  • 0
  • 0

Кең Жылой деп, жыр төгіп аңқылдаған,
Кел, кел, бермен жақында ақын балам.
Тарихыңның беттерін ақтарайын,
Бабалардың демімен алтындалған.

Толық

Қарап көріңіз