Өлең, жыр, ақындар

Жұбан ақын және Колбин

  • 09.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1914
Кремль жұлдыз тағып алтындаған,
Ей, Колбин қарғалардай қарқылдаған.
Сен неге көкірек боп басынасың,
Не жазды кең пейілді халқым саған?!
Шындықты айтпай үнсіз тұрам қалай,
Ұл-қызын танкіменен таптайтындай,
Соншама зұлымдыққа бардың неге,
Көрмеи ем қан майданда сұмдық мұндай.
Қысым сап ұландардың ерлігіне,
Ініңе көртышқандай кірдің неге.
Биліктің әділетсіз жолы қысқа,
Ақылмен ойлап соны білмедіңбе?!
Тірліктің әлде байтақ әлеміне,
Тар жан боп ізгілікке келгеніңбе.
Қайда айтшы комунистік адалдығың,
Не үшін басшы болдың біздің елге?!
Қақталып қызыл құйын алау желге,
Бұл халық түскен талай сергелдеңге.
Кемсітіп езе берсең есерлікпен,
Сескенбей бас көтерер керіп кеуде.
Үрікпей қатеріңнен қауіп төнген,
Қырандай ағып түсіп зеңгір көктен.
Басыңды домалатар қанға малып,
От алып бойындағы тектіліктен!
Білмейтін бабалары жалтақтауды,
Аударған ашу қысса небір тауды.
Намысын қорғау үшін тұрар тегіс,
Киелі Көк Бөрінің ұрпақтары!
Арлыға қажет емес мансап тағы,
Азаттық еркіндігі аңсағаны.
Мың өліп, мың тірілген Қазақбыз біз,
Тізерлеп күн кешпеспіз өлсек дағы!
Ұғар-ау, бул сырымды намысты ұлдар,
Әркімге тізгін берсең ел жоғалар.
Ақиқат шариғатпен сорға батып,
Шұбар тіл, шұбар жылан төрге шығар!
Аналар жанарына мұң ұялап,
Қайда деп,қорғанышым өксіп жылар!
Болмаса ұлттық намыс, ұлттық сана,
Қалың жау кең далаңа кіріп тынар!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көтібар батыр үні

  • 0
  • 0

Бодандықтың бұйдасына шаталып,
Көрдік ұлым адам көрмес қаталдық.
Өшпесін-деп, дінің,тілің ай-күнің,
Мәңгі майдан күресіне атандық!

Толық

«Елім-ау» әні туралы жыр

  • 0
  • 0

Жан қосып, қимас жанынан,
Қан қосып ыстық қанынан.
Басынан өткен зар мұңын,
Ән қылып халқым қалдырған.

Толық

Ақын үні

  • 0
  • 0

Мен өзіңнің кішкентай лағың едім,
Асыл әже, басыңа тағы келдім.
От кеудемде ұлы арман бұлқынады,
Ақтасам деп үмітін қалың елдің.

Толық

Қарап көріңіз