Әулие ағаш қазанамасы

Бұл бетте «Әулие ағаш қазанамасы» атты Светқали Нұржан жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.06.2019
  • 0
  • 0
  • 2339
Баллада

Бөз, күләнкөр, қойқын, шыт, шұғасы бар,
Кіл шүберек байлаған құла шұбар.
Әулие - ағаш тұратын әлем-жәлем,
Шымырлаған түбінде тұмасы бар.
Әулие ағаш - бағзы бір мұра шығар,
Кімнің қандай, сірә, оған шүбәсі бар?
Әлем байлап,
Басына түнеп келген —
Қайғысы бар пенделер,
Күнәсі бар...
Бірде жолым айналып түсті тағы,
Нәсілі адам тындырған істі таны.
Ақтық түгіл,
Жұрдай боп жапырақтан,
Көкке қолын жайып тұр үш бұтағы.
Дегенді айтып: "біржола ұшты сәні"
Безіп кеткен маңынан құс-құтаны.
Бір топ адам сыраны тұмаға сап,
Көмейлетіп арақты ышқытады.
Бір топ адам- тіссізі, тістісі бар,
Арақ қылып тұманы ішкісі бар.
"Биыл қыста отынға алу керек,
Әулие - ағаш қызуы күшті шығар!"
"Ха - ха - ха - ха!.."
Дір ете түсті шынар.
Біреу жатыр өкіріп...
"Құс. Құсып ал..."
Тарғыл күлкі барады, әлемді алып,
Шың басынан шошытып құсты ұшырар!
"Сауапта сүт болады, Обалда — қан!
Әй, жігіттер!
Сиынған тәмәм бабаң..."-дей беріп ем,
"Арақ іш!.."-деді біреу,
Балтасы бар қолында жалаңдаған.
Мен бұлармен ұстасып табам ба мән?!
Шықтым әзер, жерімнен арандаған.
Қылығымен тұнығын һарамдаған,
Қала барды артымда — қараң ғалам.
Тағы бірде жолыммен басып өткен,
Жерге келдім,
Қасиет, бәсі кеткен.
Әулие ағаш орнында түбір қапты,
Жылай-жылай жандайын жасы кепкен.
Дұға оқыдым ағаштың басына еппен,
Кешу сұрап ұрпаққа - қасиет кем.
Тұма қапты тартылып,
Ана – жердің.
Ағып түскен көзіндей қасіреттен!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әулие ағаш қазанамасы өлеңінің авторы кім?

Светқали Нұржан — осы өлеңнің авторы.

Әулие ағаш қазанамасы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әулие ағаш қазанамасы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Светқали Нұржан өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Әулие ағаш қазанамасы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері