Сол... бір ән – Светқали Нұржан

Бұл бетте «Сол... бір ән» атты Светқали Нұржан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 20.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1471
Қызыл-жасыл лаулаған тоты қырда
Ізі қалған жастықтың.
Оты — Жырда.
Сонда аспанға Жұлдызбен ән жазып ем,
Жаз түнінде сен соны оқыдың ба?
Жел ыңырсып кейде бір кеш тілінде,
Мендік мұңға дауысын қосты іңірде.
Жалғыз Аққу сол әнді жаттап кеткен,
Күз түнінде сен соны естідің бе?
Тұтана ма шоқ жүрек енді үрлесем? —
Мұзға айналды —
Жас толы мөлдір кесем.
Қарға оранып сыңсыған Ақ Қайыңды
Қысқы Орманның ішінен көрдің бе — Сен?
Көшті мезгіл...
Сені іздеп аласұрам,
Қаздар жүзген талды көл жағасынан.
Таппай әлде Сол Әнді жүр ме екенсің,
Көктемдегі көп әннің арасынан... 


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері