Дала өсиеті – Айтуар Өтегенов

Бұл бетте «Дала өсиеті» атты Айтуар Өтегенов жазған табиғат туралы өлең берілген.

  • 28.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1179
Құздардан құлдилап құлаңдар,
Биікке самғауды сұраңдар.
Ей, жастық, мұзбалақ қырандар,
Кеудемде сендерге арнаған,
Әлі ешкім айтпаған бір ән бар.
Нөсердей толассыз құйыңдар,
Найзағай отындай қиыңдар.
Ей, жастық, қуатты құйындар,
Кеудемде сендерге арнаған,
Әлі ешкім тартпаған күйім бар.
Мөп-мөлдір бұлақтан қаныңдар,
Теңізден маржандар алыңдар.
Ей, жастық, ып-ыстық жалындар,
Кеудемде сендерге арнаған,
Әлі ешкім татпаған балым бар.
Мен сені сұңқар ғып ұшырам,
Мен сені тұлпар ғып өсірем.
Мас болсаң жас қой деп кешірем,
Кешірмен...
Қалсаң сен өмірдің көшінен,
Атыңды біржола өшірем.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері