Сағым – Айтуар Өтегенов

Бұл бетте «Сағым» атты Айтуар Өтегенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 28.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1497
Шыжып тұрған шілденің,
Тапа-тал түс шағында.
Дала деген бір керім,
Бөленеді сағымға.
Ақ толқында тербеліп,
Барлық нәрсе билейді.
Және олардың жерге елі,
Аяқтары тимейді.
Тұлпар мініп қусаңда,
Шұбатылған шашағы,
Сүріндіріп жусанға,
Арбайды да қашады.
Қиялындай баланың,
Сағым – арман, ақ құсым.
Бұларды сен даланың,
Құдыреті деп түсін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері