Май таңы-ай! – Айтуар Өтегенов

Бұл бетте «Май таңы-ай!» атты Айтуар Өтегенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 28.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1355
Шіркін, әсем май таңы-ай,
Гүлге оранған, әне, қыр.
Көктем сайын қайталай,
Жасау құрар дала бұл.
Жарқыраған самала,
Өнері мол біз күткен.
Қалаға емес, далаға,
Құмартады қыз біткен.
Татып алма аузыңа,
Ішімдіктен қаш мейлі.
Қызыққан гүл қауызына,
Бір сені
Бәрібір жұрт мас дейді,
Мас дейді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері