Досым – Айтуар Өтегенов

Бұл бетте «Досым» атты Айтуар Өтегенов жазған достық туралы өлең берілген.

  • 04.07.2019
  • 0
  • 2
  • 2169
Досым,
Сыр шертесің бе,
Баяғы қайда қылық?!
Жайлаудың кең төсінде,
Шабатын тайға мініп.
Жанарға жас тұндырып,
Асауды бас білдіріп.
Сулықпен алысатын,
Құспенен жарысатын.
Беттерді сүйдіретін,
Ару Жем толқынына.
Табанды күйдіретін,
Жағаның жал құмына.
Арайлы дала таңын,
Пәктікпен ұғатынбыз.
Мама қаз балапанын,
Аулауға шығатынбыз.
Жүрегің алау жанған,
Кеттің сен алшақ менен.
Қайда сол балауса арман,
Жылқышы болсақ деген.


Пікірлер (2)

Евгений

Керемет !

Myrza

Өте тамаша!

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері