Бақыт – Айтуар Өтегенов

Бұл бетте «Бақыт» атты Айтуар Өтегенов жазған бақыт туралы өлең берілген.

  • 06.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1438
Бақыт деген бір биікке ұмтыламын құмартып,
/Ол биігің тұр әзірге тым алыстан мұнартып/.
Шығам соған, шығам соған, отырмаймын телміріп,
Демен әсте: «Бақытым-ау, өзің үйге кел кіріп».
Толқын болып ұстатпайтын дауыл соққан жапырып,
Тұрсын бақыт арманым боп алыстарға шақырып.
Таппай қойман дүниеден
Айтшы: қайда мекенің?
Сенсіз өмір қажеті не,
Мен сені іздеп кетемін,
Мен сені іздеп кетемін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері