Қызғанасың, сен мені қызғанасың – Айтуар Өтегенов

Бұл бетте «Қызғанасың, сен мені қызғанасың» атты Айтуар Өтегенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.07.2019
  • 0
  • 0
  • 3458
Қызғанасың, сен мені қызғанасың,
От боласың, кей-кейде мұз боласың.
Шашын талдап ес-түссіз жұлардайсың,
Көрсең тұрған қасымда қыз баласын.
Қызғанасың, сен мені қызғанасың.
Қызғанамын, мен сені қызғанамын,
Шоқ боламын, кей-кейде мұз боламын.
Қарақұсын оюға бармын мен де,
Саған күліп сөйлеген бозбаланың.
Қызғанамын, мен де сол қызғанамын.
Бұның бәрі көп күдік үйгендіктен,
Бұның бәрі бөтен ой түйгендіктен.
Бұның бәрі мен білсем ең әуелі,
Ес-түссіз сүйгендіктен,
Иә, иә, сүйгендіктен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері