Жан бағу – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Жан бағу» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1320
Заман дегенің қасқыр ма
сескенер қарулы арсыздан?
Зорлықтың табаны астында
адалдықты көріп жаншылған
жүрегім сыздап, қан ысып,
ашыған айрандай бұзылам.
Үстелдеріне жабысып,
жан баққандарға қызығам.
Орнынан тұрса құлардай –
алдарында тік жар – ұшпа тұр.
Кеуделерінен шыға алмай
адалдық атты құс жатыр.
Құнар қалмады қырымда,
заманның сең-сең мұзынан.
Келеді екен-ау шынында
жұтаған жұртқа жүз ылаң.
Қыл көпірде әлде тұр ма адам,
ойлана да алмай жұрт бұғар.
Құйын мінезді бұл заман
жан бақпағанды ықтырар.
1989


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері