Өзің едің – Айтуар Өтегенов

Бұл бетте «Өзің едің» атты Айтуар Өтегенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1912
Әні: Айтқали Жайымовтікі

Қызғалдақтар гүл атқанда бақтағы,
Өзің едің өмірімнің ақ таңы.
Өзің едің қуанышым, бақытым,
Өзің едің жас жанымның тапқаны.
Бал күлкіңнен жанға ләззат алғаным,
Сен жүргенде нұрлы еді бар маңым.
Өзің едің жүректегі әнімде,
Өзің едің, өзің едің арманым.
Алау отын жүрегіңнің жақты кім,
Ұғасың ба көңілімнің ақтығын.
Өзің едің өмірімнің гүлі де,
Өзің едің, өзің едің шаттығым.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері