Шықпай жатып ауылдан-ақ, жол бастап – Айтуар Өтегенов

Бұл бетте «Шықпай жатып ауылдан-ақ, жол бастап» атты Айтуар Өтегенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1408
Шықпай жатып ауылдан-ақ, жол бастап,
Қобыз-кеудем сағынышқа толды асқақ.
Түсінді ме менің мөлдір сырымды,
Кетті бір дос солдат жайлы ән бастап.
Сезім жайлы бұл нәзік ән, асқақ ән,
Бақытты етті мені өзгеше басқадан.
Адам жанын түсінетін достар-ай,
Қайда жүрсем сендерді естен тастаман.
Вокзал басы абыр-сабыр көп халық,
Қоштасу сәт зымыраумен жетті ағып.
Поезд жүрді.
Қимастықпен қол бұлғап,
Жас жарым мен достар қалды топталып...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері