Деп жүріп – Айтуар Өтегенов

Бұл бетте «Деп жүріп» атты Айтуар Өтегенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1100
Деп жүріп:
Алау маздаттым,
Сырларын жүрек қозғаппын.
Өзімді-өзім япыр-ау,
Жоғалтып ала жаздаппын.
Деп жүріп:
Арай күн бұлай,
Қалмас-ау деп тұнжырай.
Құрметтей де білмеппін,
Өзімді-өзім сұмдық-ай?!
Мәуелесін деп көп гүлдер,
Нөсер-жыр лекіп төктім мен.
Жарқырап шыққан жауһазды,
Әркім-ақ таныр деппін мен.
Сезімдерімді-нұрлы екпін,
Келгені рас гүлдеткім.
Іші тар кейбір жандардың,
Қақпаны барын білмеппін.
Кемшілігімді кеш білген,
Сынадымдағы кештім мен.
Сөгіс пен ұрыс естуге,
Қақым жоқ енді ешкімнен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері