Бұл бетте «Жасырынбақ» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ойнайық деп жасырынбақ,
Інім сұрап қоймады.
Сөйтті-дағы ақырындап,
Тығылуды ойлады.
Содан кейін: «болдым, аға,
Ал, көзіңді жап», – деді.
Жамыла сап тонды ғана:
«Қайда тұрмын, тап?» – деді.
Айла, амалын асырғанмен,
Бәз-баяғы, баяғы.
Кеуде жағын жасырғанмен,
Ашық қалды аяғы.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі