Қараторғай – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Қараторғай» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 19.07.2019
  • 0
  • 0
  • 2808
Биік талдың басынан
Көріп қараторғайды,
Менің інім Асылхан
Үркітем деп болмайды.
Апам айтты:
– Қой, босқа
Әурелеме торғайды.
Зиянкестен ол басқа
Жемісіңді қорғайды.
Ұғынғаны осы да,
Қумайды енді торғайды.
Ұя салып басына,
Жем береді, қорғайды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері