Несібе – Қалампыр Кенжеғалиева

Бұл бетте «Несібе» атты Қалампыр Кенжеғалиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 31.12.2021
  • 0
  • 0
  • 717
Қалғаны шын ба көңілдің,
Жалғаны шын ба өмірдің?
Алданыш болса, қу тірлік
Қамына неге көмілдім?
Ұмытып бір сәт өзімді,
Арнадан асып төгілдім.
Мұңданып сонша несіне
Мұңайып неге егілдім?
Болса бұл өмір несие,
Несіне келдім, несіне?
...Тәубама қайттым ес жиып,
Шынында өмір – несібе!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері