Күйзеле ме күйреп жаның – Қалампыр Кенжеғалиева

Бұл бетте «Күйзеле ме күйреп жаның» атты Қалампыр Кенжеғалиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 31.12.2021
  • 0
  • 0
  • 702
Күйзеле ме күйреп жаның
Кейде өзіңді танымай?
Қайран балам, сен де ойшылсың
Көп мүжілме, жаным-ай!
Жастық желі сондай болады,
Етек-жеңің далаңдап,
Салмақтырақ ойлай алмай,
Сосын соған алаңдап...
Өкінбе іске, кеткен өтіп,
Келер күнің кең болсын
Шалыс қадам – сынақ, балам!
Жігер жанып, дем берсін!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері