Қыс – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Қыс» атты Абдрахман Асылбек жазған табиғат туралы өлең берілген.

  • 19.07.2019
  • 0
  • 0
  • 12118
Қандай суық қыс деген?
Қалтырайды құс деген.
Құлақшынды кимесең
Құлағыңды тістеген.
Қаңдай қызық қыс деген?
Бәрін шебер істеген:
Бақша-бауды, тауды да
Бояған ақ түспенен.
Қыс дегенің ақ қана
Үлбіреген мақта ма?
Тыным таппай күнұзақ
Тұрғызады аққала.
Қыс дегенің аймақта
Қатып қалған қаймақ па?
Құлдырайды балалар
Шанаменен сай жаққа.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері