Жаңа жыл – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Жаңа жыл» атты Абдрахман Асылбек жазған мерекеге арналған өлең берілген.

  • 19.07.2019
  • 0
  • 2
  • 22195
Жаңа жыл, жаңа жыл,
Жаңа жылда жаңа жыр.
Жасыл шырша жанында
Жадырап бар бала жүр.
Тамаша, тамаша,
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы,
Көз тоймайды қараса.
Көрікті, көрікті,
Аяз ата келіпті.
Беріп жатыр таратып,
Алма, анар, өрікті.
Дала нұр, дала нұр,
Құтты болсын Жаңа жыл!
Шырша жаны көңілді,
Билеп барлық бала жүр.


Пікірлер (2)

Айқаракөз

Маған өлең ұнады

Нұрислам

Өте күшті жазасыз маған ұнады

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері