Таулар – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Таулар» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 21.07.2019
  • 0
  • 0
  • 2058
Таулар, таулар орасан
Шырша тұнған шатқалы.
Қарағайға қарасаң,
Сарбаздардай саптағы.
Таулар, таулар орасан
Шөгіп жатқан атандай.
Ақ қарына қарасаң,
Ақ сақалды атамдай.
Сылдыраған сулары
Құздан төмен аунайды.
Көк тіреген шыңдары
Ракетадан аумайды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері