Ерболжанға – Қалампыр Кенжеғалиева

Бұл бетте «Ерболжанға» атты Қалампыр Кенжеғалиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 31.12.2021
  • 0
  • 0
  • 705
Әке болған балапаным,
Құшағыңда – өз балапаның
Аман өссін өзіңдей боп,
Атасының көзіндей боп!
Әке атанған құлыншағым,
Күні кешегі «ұрыншағым»
Болғаныңды ұмытпа тек,
Немереме ұрыспа көп.
Тентек болмай бала өсе ме,
Мейірім ек, әлдиіңе ал.
Түп-түзу боп тал өсе ме,
Икемде де, нәр жиып ал.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері