Өлең, жыр, ақындар

Тыныштық

  • 31.12.2021
  • 0
  • 0
  • 836
(Тоғжан мен Айсәулеге екі ай бойы үйреніп қалыппын! Олар Душанбеге ұшып кеткенде туған өлең)

Құлаққа ұрған танадай
Орнады келіп тыныштық!
Қыздарым кетіп барады
Жүрекке дәру, тым ыстық...
Сәттісін тілеп сапардың,
Тәттісін тілеп жаһанның,
Қол бұлғап, қала бердім мен
Көңілімді жайлап қасаң мұң...
Жігерден тауып серпіліс,
Алладан сұрап еркін күш.
Еңсемді дереу түзедім,
Тәтті үміт – маған бекініс.
Терезе ашық, күн – шуақ,
Толтырды үйді жарыққа.
Тұрғандай мені жұбатып,
Келер деп тағы, қамықпа!
Толқумен әлі отырмын,
Жанымды билеп сан ырғақ!
Өзімді өзім шақырдым,
Тағат пен төзім, сабырға!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өр Алтай

  • 0
  • 0

Тіршілік пен әсемдік ұғысқалы –
Бір шынар асқақ Алтай шығыстағы
Тербеткен кеудесінде кенді өлкені
Жер-Алып алтын бесік тыныстады.

Толық

2010-шы көктем

  • 0
  • 0

Кеңістікте ауа айналмай,
әрекетте амал қалмай
тымырсық тұр белең алып,
тіршілікте дел-сал қалып.

Толық

Азаттық

  • 0
  • 0

Азаптаған жанымды ойларымды саралап,
Көрейінші жік-жігін көз тоқтата даралап.
Жайлы қоныс тепкендей көкейіме орныққан
Оқта-текте су бүркіп тұратын ой қолтықтан,

Толық

Қарап көріңіз