Алғашқы адым – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Алғашқы адым» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 25.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1777
Арайланып таң атты,
Алтын нұрын таратты.
Оқушы отыр сыныпта,
Ашып әппақ парақты.
«Әліппесі» алдында,
Бәрі қызық балғынға.
Әріптерін таныса,
Небір жұмбақ бар мұнда.
Сөйлеп кетті мұғалім,
Тосты ұлан құлағын:
«Ынта қойып тыңдасаң,
Білім – жарық шырағың.
Мынау – сенің сыныбың,
Мөлдір бастау тұнығың.
Қанып ішсең тұнығын,
Құлдырайсың, құлыным.
Құтты болсын қадамың,
Мықты болсын талабың.
Күтіп отыр заманың
Заңғар болар адамын».


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері